• А
  • Б
  • В
  • Г
  • Д
  • Е
  • Ж
  • З
  • И
  • К
  • Л
  • М
  • Н
  • О
  • П
  • Р
  • С
  • Т
  • У
  • Ф
  • Х
  • Ц
  • Ч
  • Ш
  • Э
  • Ю
  • Я
  • A
  • B
  • C
  • D
  • E
  • F
  • G
  • H
  • I
  • J
  • K
  • L
  • M
  • N
  • O
  • P
  • Q
  • R
  • S
  • T
  • U
  • V
  • W
  • X
  • Y
  • Z
  • #
  • Текст песни Асхат Ауелбеков - Шындык туралы толгау

    Просмотров: 26
    0 чел. считают текст песни верным
    0 чел. считают текст песни неверным
    На этой странице находится текст песни Асхат Ауелбеков - Шындык туралы толгау, а также перевод песни и видео или клип.
    Шындық туралы толғау

    Сөйле, тілім
    Алаңдама, тартынба
    Найзағайдай шындықты айтып жарқылда!
    Қалай ғана өмір сүрдім дей алам,
    Бір ауыз сөз қалмаған соң артымда?!Заман қалай, адам қалай өзгерді,
    Өзгергенді шүкір, қазір көз көрді.
    Арың менен ақиқаттың алдында
    Шындықты айтып,
    Шыңғыратын кез келді.
    Айтса нанар аңғал халық едік қой,
    Аңғалдықтан талай таяқ жедік қой.
    Халқымыздың қамын жеген ұлдарын
    О, ғаламат,
    «Халық жауы» дедік қой!
    Күні болған қазағымның сорлаған,
    Қасіреттің қара бұлты торлаған.
    Ешқашанда тарихымда даламның,
    Кешегідей бұрыс кету болмаған!
    Сеніп өскен халық едік малына,
    Малын алса,
    Қайтсін халық налымай?!
    Америка,
    Түркия,
    Қытайға,
    Жетіскеннен шашылды ма тарыдай?
    Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз,
    Ағайыннан алыс кетті арамыз.
    Үш миллион
    Аштан өлген бабамыз,
    Қалғанымыз қайда кетіп барамыз?
    Шұбарала болып кетті тілдерің,
    Айтатұғын келді бүгін күндерің.
    Тілің кетсе,
    Күнің қоса кетерін
    Қайран елім,
    Қалай ғана білмедің?
    Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
    Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
    Өсер балаң,
    Байтақ далаң тұрғанда,
    Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!!!
    Ауруың бірте - бірте асқынған,
    Қара ниет асып кетті қасқырдан.
    Қай бабаңның дәстүрінде бар еді,
    Ата - анасын бөтен қолға тапсырған.
    Өкініштен өксігімді баса алмай,
    Айту қиын ойлы көзге жас алмай.
    Бір ақсақал бір ауылды билеуші ед,
    Қазір қалдық бір келіннен аса алмай.
    Азаматтар қол бастайтын қаһарман,
    Алкогольдың арбауына шатылған,
    Бұл заманның
    Қобыланды мен Қамбары,
    Оқ тимей - ақ шығып жатыр қатардан.
    Бабамыздың биігінен аспадық,
    Құдай,
    Дінді таза жауып тастадық.
    Маскүнем боп ұлың түгіл қыздарың,
    Ол аз болса наша шеге бастадық.
    Сәл кідіріп, ойлаңдаршы әріден,
    Қанша сәби өлді улы дәріден.
    Қыздарымыз үйде отырып жүкті боп,
    Тірі жетім көбейді ғой бәрінен.
    Қайдасыңдар,
    Азаматым, арысым,
    Қайда кетті, қасиетті намысың?
    Адам түгіл шырылдаған торғайда,
    Жанын пида етуші еді бала үшін.
    Алған кезде бұл тоқырау алқымнан,
    Жұрдай болдық
    Қайран баба салтыңнан.
    Қасиетті қыздарымның қылығы,
    Бейне Арал,
    Балқаш болып сарқылған!
    Миымызға өрмекші тор құрған ба?!
    Көр соқыр қып құдай таза ұрған ба?!
    Қара көздер кімге ғашық болдыңдар,
    Өз батырың,
    Өз арысың тұрғанда!
    Намыс қайда, ұят қайда, ар қайда?
    Оның бәрі қалғаны ма шалғайда.
    Бұл бетімен кете берсе ұрпағың,
    Шала естілеу,
    Мәңгүрт болып қалмай ма?
    Дұрыс болмай замананың жетегі,
    Еңіреген ердің толды етегі.
    Осылардың бәрін ойлап қарасам,
    Бас айналып,
    Көз бұлдырып кетеді.
    Күнім туды ағымнан бір жарылар,
    Қайран елім,
    Сорың енді арылар.
    Шыдаушы еңдер,
    Шыдаңдаршы шырылдап,
    Шындық жайлы айтатыным әлі бар.
    Туған елдің қазынасының бәрін ап,
    Ұрпағымыз кейін немен жарымақ?!
    Полигон боп
    Абай, Мұхтар жүрген жер,
    Атом неге тек Семейде жарылад?!
    Бұл сөзіме түсінер - ау есі бар,
    Кімнің қандай ала - алмаған өші бар?
    Талай елсіз Тундралар жатқанда,
    Сары алтындай Сарыөзекте несі бар?
    Мәз болмайық арқамыздан қаққанға,
    Мәз болмайық жұлдыз әкеп таққанға,
    Кімге керек жал мен жая жегенің,
    Бауырларың қылтамақ боп жатқанда.
    Бауырларым,
    Жанымыз бір кемеде,
    Уық сынып, қирап жатыр кереге.
    Өз дауысын көтермесе өз елім,
    Өзгелерге Абай, Семей немене.
    Бауырларым,
    Жанымыз бір кемеде,
    Мен ешкімге жүрген жоқпын сене де!
    Лермонтов пен Пушкинді айтқан жандарға,
    Абай мен Сәкен деген немене?!
    Қайран далам,
    Өр төсіңе - нұр тұнған,
    Қырандайсың, қанатынан қырқылған.
    Мал өрісің,
    Аң мен құсың жоқ болды,
    Миллион гектар жырым - жырым жыртылған!
    Кереку мен Қызылжар еді мақтаным,
    Ұмыттық қой Ақмоланың аттарын.
    Өзге тілде қойып алдық аттарын,
    Байқайсың ба қайда бара жатқанын?
    Оқымаған биікте тұр бабамыз,
    Оқыдық қой:
    Неге саяз санамыз?
    Асқынды ғой,
    Асқынды ғой жарамыз.
    Ей, бауырлар,
    Қайда кетіп барамыз?
    Асқар тауым - ақыл,
    Ойым - қорғаным,
    Есіңді жый,
    Ешкімге жем болмағын.
    Есіл ерлер ертеңді де ойлаңдар,
    Кімге керек бес күн жақсы болғаның.
    Айтатұғын атты бүгін ақ таңдар,
    Бәрін біреу береді деп жатпаңдар.
    Бір қазақты үшке бөліп бүлінбей,
    Қайран елім,
    Бірлігіңді сақтаңдар!..

    White horse today,
    Do not assume that everyone gives.
    Don't break one Kazakh into three,
    My dear country,
    Maintain unity! ..

    Опрос: Верный ли текст песни?
    Да Нет