Текст песни Bekzat Sakenuly - Xikmet-ullah
0 чел. считают текст песни верным
0 чел. считают текст песни неверным
Керемет жазылған өлең. ҚМДБ ұйымдастырған жыр мүшәйрасында бас жүлдеге ие болған. Бас жүлде Жәкен Омаров, Мұхитдин Исаұлы. Хикмет-уллаһ Махабатымен күллі ғаламды жаратқан, «Өзің деп, Алла, күніміз батып, таң атқан. Махшарды ойлап, мазамыз кетер, я, Рахман, «Алсақ», деп «орын» момындар тұрған санаттан. Я, Алла, «Сен!» деп, сыңғырлайтындай бұлақтар, Сыбдырлайтындай жасыл жапырақ, құрақтар. Буырқанғанда мұхиттың жалды толқыны, «Сабыр» деуменен сабаға түсіп тұрақтар. «Хай-хай» деуменен көктем де көктеп жайқалар, Ескен желдің де «һу-һу» дегені байқалар. Әрбір зат «Сен!» деп, зікір салғанда, ой, Алла, Мендегі жүрек «Сен!» демей, қайдан жай табар. Жеті қат жер-көк біріне бірі байланар, Зәредей нәрсе назардан қалмас, жайланар. Қажыларыңдай Қағбатулланы тәу еткен, Ай менен жұлдыз айнымай күнді айналар. Рахметіңді салады еске таң самал, Азан айтқандай жар салып құстар ән салар. «Ғазиз» нұрыңның сәулесі түссе жүрекке, Салих құлдарың тамсанып оны қарсы алар. Қаһарың беріп хабарын күнде күркірер. Жер бетіндегі тіршілік біткен дүркірер. Ғапыл құлдарыңның күнәсін кешші дегендей, Ақ жауын жауып, көктің көз жасы сіркірер. Сәжде етіп құлап, жылайды саған ғаріптер, Сұрайды иман, ұлықтап сені дәріптер. Бұл ғалам – кітап, жанды мен жансыз бәрі де, Әр сипатыңды айшықтай түскен әріптер. Құранға сенген адамзат арып ашымас, Есірке «Ғаффар», есіміңді айтсақ, кәрі-жас. Құлшылығымыз құбылып тұрған құлмыз ғой, Өзіңді Алла өзіңдей ешкім танымас. |
|
Великолепная песня. Он выиграл Гран-при на конкурсе поэзии, организованном симпозиумом. Главный приз - Жакен Омаров, Мухитдин Исаович.
Хикмет wllah
С любовью всей вселенной,
«Бог наш спаситель, солнце и утро.
Нас беспокоит Махшар или Рахман,
«Давайте посмотрим правде в глаза», что означает «место».
О Аллах, скажи: «Ты!»
Приветствую зеленый лист, трость.
Волна океана,
Лестница с камнем преткновения.
Весна также прорастает с "hai-hai"
Ветер дует в направлении "хуху".
Всякий раз, когда вы говорите: «Ты!» Каждая мысль,
Моему сердцу будет легче, чем когда-либо прежде.
Семь жестких земель связаны друг с другом,
Что бы ни случилось, это не будет забыто.
Как твой паломник,
Луна и звезды отражают солнце.
Напоминает вам о доброте вашей памяти,
Как говорит Азан, птицы поют.
Газиз - это свет света,
Ваши праведные рабы будут встречены с приветствиями.
Сердито произносит свое сообщение.
Жизнь на земле - ужасная катастрофа.
Так же, как грехи твоих рабов прощены,
Слезы белого дождя падают на белые осадки.
Он влюбился и заплакал,
Он просит вас верить, что он вас прославит.
Эта вселенная - книга, живая и безжизненная,
Персонажи, которые описывают каждого из ваших персонажей.
Человечество, которое верит в Коран,
«Гаффар» в носу, тебя зовут старость.
Наше рабство это сломленные рабы,
Никто не знает тебя так, как Бог.