Текст песни Абай Кунанбаев - Слова Назидания 3
0 чел. считают текст песни верным
0 чел. считают текст песни неверным
Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым - солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек - әр қазақтың ойы осы. Осылар біріне бірі достық ойлай ала ма? Кедей көп болса, ақысы кем болар еді, малдан айырылғандар көбейсе, қыстауы босар еді деп, мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кедей болса екен деп, әуелде ішімізбен қас сағындық. Әрі-беріден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке болыстық, билікке таластық. Сонан соң не момынның баласы бөтен жаққа шығып, еңбек қылып, мал іздемейді, егін, сауданың керегі жоқ болады. Өз басын өзі осындай таласпенен кісі көбейтеміз деп партия жиғандардың бүгін біреуіне, ертең біреуіне кезекпен сатады да жүреді. Ұрылар тыйылмайды. Ел тыныш болса, оның ұрлығын ешкім сүйемес еді. Ел екі жар болған соң, кім ант ішіп ақтап, арамдығын жақтап, сүйеймін десе, соған жақ болып сүйеніп, бұрынғыдан ұрлығын әлденеше есе асырады. Елдегі жақсы адамдардың бәрінің үстінен бекер, өтірік «шапты, талады» деген әртүрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді. Оған дознание - тергеу шығарады. Өтірік көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін. Ол адам басын құтқармақ үшін жамандарға жалынса, оның да адамдығының кеткені, егер жалынбаса, тергеулі, сотты адам болып, ешбір қызметке жарамай, басы қатерге түсіп өткені. Ол болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жәрдемі тиеді деп, егер қас болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп. Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген ма& Смотрите также:
Все тексты Абай Кунанбаев >>> |
|
В чем причина того, что казахи враждебны друг другу, не хотят желаний друг друга, не говорят правду, сварливы, ленивы? Известные мудрецы давно заметили, что каждый ленивый человек труслив и слаб; каждый слабый человек труслив и горд; каждый гордый приходит трусливым, глупым, невежественным; каждый дурак невежественен и груб; Если мы спросим каждого ленивца, найдутся люди ненасытные, некомпетентные и недружелюбные ко всем.
Всего этого не произошло бы, если бы у него не было другого выбора, кроме как разводить четвероногих животных, вкладывать средства в другие культуры, торговлю, искусство, науку и так далее. Они говорят, что если у всех много животных, они должны иметь их и моих детей. Если будет больше животных, они будут счастливы за пастухов, будут полны мяса и кумыса, будут красивыми и быстрыми. Если зима суровая, купят чьей-то зимы, немножко, заберут со службы богатству. Он потерял зиму и кого-то тронет, или по неуместности уедет из страны - это идея каждого казаха.
Могут ли они считать друг друга друзьями? Сначала мы хотели, чтобы моя мать была бедной, а я - бедным, думая, что, если бы бедных было больше, зарплата была бы ниже, если бы больше людей потеряли свой скот, зима была бы бесплатной. Время от времени выходили неприязни, ссоры, пристрастия. Мы боролись за власть и за власть, чтобы я мог поговорить с такими людьми и собрать несколько животных. После этого дитя кротких уедет за границу, работать, а не искать скот, не будет нужды в урожае и торговле. Партия продает себя одному из членов партии сегодня и другому завтра, чтобы увеличить количество людей. Воры не запрещены. Если бы в стране было тихо, никто бы не хотел ее воровать. Когда у страны есть два партнера, и тот, кто дает клятву, защищает свою нечистоту и говорит, что любит его, он поддержит его и украдет больше, чем раньше.
Все хорошие люди страны зря возбуждали против них различные уголовные дела. Ведется расследование. Свидетели, утверждающие, что не видели лжи, уже подготовлены, чтобы можно было избрать хорошего обозревателя. Если бы он умолял нечестивых спасти свою жизнь, он потерял бы свою человечность, а если бы он не умолял, он стал бы следователем, судьей и оказался бы в опасности. Он сказал, что те, кто у власти, не уважают кротких, когда они достигают уровня обмана и нечестности, они уважают тех, кто грязный и нечестный, они говорят, что они друзья и помогают, а если они враги, они могут причинить себе вред.
Есть ли сегодня в казахском языке поговорка «никто не знает, никто не знает»?