Текст песни Арман Бердалин - НАМАЗ БЕН ОРАЗА
0 чел. считают текст песни верным
0 чел. считают текст песни неверным
Намаз бен Ораза (баллада) Жалғанда!.. Намаз – қымбат, малдан, тіпті жаннан да, Ақыретте болып қалма арманда! Бұл сөзімнің түсінерсің астарын, Қара басың қауқайып, Қабіріңде жалғыз өзің қалғанда. Жан тәніңнен қош айтысып ұшқанда, Мал-дүниең айналады дұшпанға. Бұл сөзімнің түсінерсің астарын, Қара жерді құшқанда. Кінәң менен күнәң үшін азаптап, Қабырғаңды қабіріңмен қысқанда. Алла бізге өмір дәмін татырып, Жанымызды алар қайта шақырып. Содан кейін таразыға салады, Сағатың мен сәттеріңді сапырып. Құл да болсаң бөленерсің құрметке, Құлшылықпен жүрсең таңды атырып. Сондықтан да намаз оқы құлшынып, Аяқ қирап қалмайды одан тіл сынып. Біздер келдік мынау бес күн жалғанға, Бес уақыт жасау үшін құлшылық. Орман болып айналады панаңа, Тірлігіңде егіп кетсең бір шыбық. Аллаһ (жәллә жәләлуһу) қаласа, Тастар жұмсақ, таулар болар аласа. Жинап жүрген дүниең мен мүлкіңіз, Ажал келсе бола алмайды араша. Пайғамбардан (с.ғ.с) асатын бай болмас еді, Алтын, күміс ахиретке жараса. Мәз боламыз мәнсіз өмір сүргенге, Бар нәрсенің жоқ болуы бір демде. Өлім жайын ойламаймыз жалғанды, Жалпағынан басып тірі жүргенде. Бір әңгіме берейінші баяндап, Өткен күннен өнеге көп білгенге... ...Дүниеден өткен екен бір адам, (Бұл өмірде жүрер мәңгі кім аман). Көргеннен соң көрде бәрін көзбен, Өлгеннен соң өкініштен жылаған. Рахман әрі Рахим*болған Алладан, Күнәларын кешіруін сұраған. Бірақ бәрі кеш еді, Бейбақ екен маңдай соры бес елі. Барар жері жұмақ па әлде тозақ па, Оны Аллаһ Әл-Хакаму** шешеді. Енді азап тартып жатыр қиналып, Күнәсі үшін кешегі. Күнәсі үшін баяғы, Жауап берер жауапты сәт таяды. Тәнін талап жан-жағынан жеп жатыр, Қара жердің құрт-құмырсқа шаяны. Жалынбаған Жаратқанға күні үшін, Жалындаған от құшағын жаяды. Уақытыңның қадіріне жетпесең, Бақытыңның осы болар аяғы. Қайғы бұлты басын торлап қаптаған, Бұрын мұндай азап дәмін татпаған. Кенет біреу жетіп келді қасына, Сақалы мен шашы аппақ мақтадан. Шапанымен оттан қалды қалқалап, Жаны менен тәнін қинап қақтаған. Бұл бейшара есін жинап алған соң: - Кімсің,-деді,-мені оттан сақтаған. - Кімсің,-деді,-тұрған маған жаны ашып, Елсіз жерде не істеп жүрсің адасып. Естігенді көзбен көріп жатырмын, Жүруші едім болашаққа бал ашып. Мен жасаған обалым мен сауабым, Таразыға тартылып тұр таласып. Көзден аққан көлдей жасын құрғатып, Әлгі адам былай деді тіл қатып: - Қабірдегі тартып жатқан азабың, Сен түгілі маған да тұр шын батып. Бұл дертіңнің тауып берер кім емін?.. Бұдан ауыр азап барын білемін. Ораза ұстап, намаз оқып бес уақыт, Тәубесіне келген құлдың бірі едің. Мен боламын намазың мен оразаң, Сенің екі дүниедегі тірегің. Әмірімен Әл-Мужибу*** Алланың, Құтқаруға саған келіп тұр едім... Бір аздан соң есін жиып, тасынып, Әлгі адам былай деді ашынып: - Ертеректеу маған неге келмедің, Басқа төнген бар пәлені қашырып. Қайда жүрсің Жаратқанның жіберген, Маған деген жақсылығын жасырып?!. Уақытыңда келгеніңде мен бұлай, Жатпас едім сүйектерім шашылып. Деп бейшара ағыл-тегіл жылап тұр, Жанарында жауабы жоқ сұрақ тұр. Ал ақсақал: - білгің келсе себебін, Деді, - менің айтқаныма құлақ түр. Жақсылыққа жасамастан еш үгіт, Қанша күнді босқа өткіздің есіріп. Әл-Ғаффару**** Аллаһ сенің күнәңді, Сонда дағы тұрған жоқ па кешіріп. Неге ерте келмедің деп сен маған, Ашуланып, қарамашы тесіліп. Сен де мені есіңе ерте алмадың, Мен де саған келіп тұрмын кешігіп!.. Смотрите также:Все тексты Арман Бердалин >>> |
|
Prayer and fasting
(ballad)
False! ..
Prayer is expensive, from animals, even from the soul,
Don't dream of the hereafter!
You will understand the meaning of this word,
Your black head is shaking,
When you are alone in your grave.
When you say goodbye to your body,
Livestock becomes the enemy.
You will understand the meaning of this word,
When you touch the black earth.
Suffering for your guilt and sin,
When you squeeze the wall with your grave.
God gives us a taste of life,
They call our souls back.
Then put on the scales,
Scatter your hours and moments.
Even if you are a slave, you will be honored,
When you pray, you wake up in the morning.
Therefore, pray diligently,
The legs do not break, the tongue breaks from it.
We have been lying for five days,
Pray to make five times.
The forest becomes a refuge,
If you sow in your life, it is a stalk.
If Allah wills,
The rocks are soft, the mountains are low.
Your possessions,
Death cannot be an intermediary.
He would not be richer than the Prophet (peace and blessings of Allaah be upon him).
Gold and silver are for the hereafter.
We will enjoy a meaningless life,
The absence of everything is in one breath.
We do not think about death is false,
When walking barefoot alive.
Let me tell you a story.
To learn more from the past ...
... One person who died,
(Who will live forever in this life).
After seeing everything in the grave,
He wept bitterly after his death.
From Allah, the Most Gracious, the Most Merciful.
He asked for forgiveness of his sins.
But it was too late,
There are five countries with gray foreheads.
Paradise or Hell?
It is decided by Allah Al-Hakamu **.
Now he is suffering,
Yesterday for sin.
The same for sin,
The moment of answer is approaching.
The body is eaten from all sides,
Black earth insects.
For the day of the Lord,
A blazing fire spreads.
If you don't value your time,
This is probably the end of your happiness.
A cloud of sorrow covers his head,
He had never tasted such suffering before.
Suddenly someone came up to him,
Beard and hair are made of white cotton.
He covered his clothes with fire,
He tormented his soul and body.
After regaining consciousness, he said:
"Who are you?" He said. "He saved me from the fire."
"Who are you," he said.
What are you doing in a deserted place?
I see what I hear,
I would go to the future to open honey.
My reward and reward,
Arguing on the scales.
Dry tears from the eyes,
The man said:
- Your torment in the grave,
Not only are you really worth it to me.
Who can cure this disease? ..
I know that there is more suffering than this.
Fasting and praying five times a day,
You were one of the penitent slaves.
I will pray and fast,
Your support in both worlds.
Amir al-Mujibu *** of Allah,
I came to you to save ...
After a while he regained consciousness, moved,
The man said sadly:
- Why didn't you come to me earlier,
The other ran away.
Where are you sent by the Lord,
Hiding his kindness to me?!.
When you arrive on time, I will say,
I would not lie down, my bones were scattered.
The poor man is crying,
There is an unanswered question.
And the elder: - If you want to know the reason,
He said, "Listen to me."
No propaganda without doing good,
How many days you wasted.
Al-Ghaffaru **** May Allah forgive your sins,
Forgive me for not standing still.
Why didn't you come early?
Angry, the piercing pierced.
You didn't remember me either,
I'm coming to you too late! ..