Текст песни Абай кара соз - 41
0 чел. считают текст песни верным
0 чел. считают текст песни неверным
Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек. Әуелі - бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салу керек, дүниеде көп есепсіз ғылымның жолдары бар, әрбір жолда үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хәтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберсе, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді. Екінші - ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлым берсе, сонда түзелер еді. Енді мұндай халықты еріксіз қорқытып көндірерлік күш-қуат ешкімге бітпейді. Ол баланы қазақтың бәрін паралап көндірерлік дәулет бір кісіге бітуге мүмкін де емес. Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен не жырлап, не сырлап айтқанменен ешнәрсеге көндіру мүмкін де емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтіменен біткен надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген. Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма, гуілдегі бар ма, дүрілдегі бар ма - сонысынан дүниеде ешбір қызықты нәрсе бар деп ойламайды, ойласа да бұрыла алмайды, егер сөз айтсаң, түгел тыңдап тұра алмайды, не көңілі, не көзі алаңдап отырады. Енді не қылдық, не болдық! 1897 Смотрите также:
Все тексты Абай кара соз >>> |
|
Требуется две вещи, чтобы дать казаху, и человека, который заботится о построении.
Сначала - автор бека нужен человек в руках указе. Они угрожали своим взрослым и дают своим маленьким детям в медраксах, и можно поставить свой путь, а в мире, чтобы узнать этот путь учителям во всех отношениях, чтобы узнать, как узнать путь к людям, если он послал девушки , Если он отправил девушек в наименее мусульманскую науку, хорошо-религиозное учение, так что молодые люди достигли бы этого молодых людей, и если бы они стали.
Во-вторых - это должно быть человек бесчисленным. Если бы они были парализованы и взяли своих детей и позаботились о своих детях, они бы дали бы место.
Теперь, когда убедительные усилия терроризма не истекают. Невозможно положить конец ребенку в человеке, который летает всех казахов.
Невозможно убедить это сказать, что это не петь или летать, ни клеветать, а не встряхивать или не напугать. Невежество Mirac от Maternasa, которое скончало, сговорившись от ее баранины, давно удалили из молока матери. Есть ли ритм, есть ли стиль, есть ли в мире интересного в мире, и если вы скажете, если вы скажете, вы не можете слушать, они не могут слушать, или они обеспокоены. Теперь, что мы сделали,
1897.